Тоқаев экологиялық туризмді дамыту үшін бірегей орындарды атады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық туризмді дамыту үшін Қазақстандағы бірегей орындарды атады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Қазақстанда көптеген көрікті жер бар. Біз оны ұтымды пайдалануымыз керек. Жетісу облысының әкімдігі туризмді дамытуға ерекше назар аударуы қажет. Әсіресе, Алакөл мен Балқаштың әлеуеті зор. "Алтын Эмель" ұлттық паркі және Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - экологиялық туризмді дамыту үшін бірегей орындар. Текелідегі әйгілі Шаджа мен Кора шатқалдары керемет көріністерге толы. Міне, бәрі - байлық. Әрине, көптеген турист келу үшін тиісті инфрақұрылым салу және қолайлы жағдай жасау қажет. Бұл оңай шаруа емес. Соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Жетісудың керемет табиғаты мен ерекше ауа райы сауықтыру орындарын дамытуға өте қолайлы екенін айтты.

"Менің ойымша, бұл мүмкіндікті өңірдің медициналық орталықтары тиімді пайдалануы тиіс. Онда заманауи емдеу және оңалту бағдарламаларын жүзеге асыруға болады.

Емдеу-сауықтыру туризмінің болашағы зор. Кезінде бұл аймақта "Қапал-Арасан" шипажайы өте танымал болған. Бұл ХІХ ғасырда ашылған Қазақстандағы алғашқы емдік-сауықтыру орны. Бұл санаторийді қайта құру мәселесін қарастырған жөн", - деді ол.

Сондай-ақ, Қасымжомарт Тоқаев Жетісу ұлттық парктерінде құны 3 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.