Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті өңірде қар көшкіні жүру қауіпі туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Алматы облысының тауларында 2023 жылғы 21-23 қараша аралығында көшкін қаупі сақталатыны айтылады.
"ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды.
Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар", - делінген департаменттің Telegram-каналында.
Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады екен.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!