Өзге ғаламшардағыдай Бозжыра, Қиын-Керіш шар жұмбақ аңғары, кеуекті тәтті іспетті Ыбықты сай шатқалы - бұл жерлердің барлығы Маңғыстау өңіріне келген қонақтарды таңдандырмай қоймайды. Дегенмен, жақында ғана танымал тәтті тирамисуға ұқсайтын тағы бір ғажайып ашылды, ол - Қызылкүп шатқалы. Бұл жолы Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Қызылкүп туристерді несімен таңдандыратыны жайында баяндайды.
Қызылкүп таулары шығыстан батысқа қарай 10 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай сегіз шақырымға созылып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Гид Владимир Симутин бұрын туристердің бұл жерді тек алыстан көретінін айтты. Өйткені, Бекет-Атаға жол салу кезінде құрылысшылар Қызылкүп шатқалынан материал алынып, соның арқасында жол салынған. Енді адамдар бұл жерге бара алады.
"Бұл жердің табиғаты әсем. Түрлі-түсті шөгінді жыныстардан түзілген, оның ішінде сарғыш, қызыл, бургундия түстері бар. Бұл өте қызық жер, өйткені оның елде баламасы жоқ", - дейді гид.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2020 жылдың тамыз айында National Geographic-тің Instagram парақшасында Маңғыстау облысындағы Қызылкүп шатқалының суреттері пайда болды. Фотосуреттерді түсірген - Джордж Штейнмец. Бұл жазбаға 300 мыңнан аса лайк басылып, 700-ден аса пікір жазылған. Басылымның астына қолданушылар бұл жердің әсемдігіне тәнті болып, "Керемет әдемі", "Ғажап!" деп пікірлер қалдырған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Мен бұл жердің құс ұшар биіктен сирек кездесетін көрінісін тамашалау бақытына ие болдым", - деп жазады фотограф.
Үстірт ертедегі Тетис мұхитының түбі болған. Оның үстінде шөгінділердің жиналуы үнемі орын алды: саз, құмдар, әртүрлі организмдер. Сондықтан пейзаж күннің әртүрлі уақытында түстерін өзгертуі ғажап емес. Күндіз, шуақты ауа райында ландшафт аппақ қардай, кешке қарай бозғылт реңкке ие болса, күн батқанда қызыл түске енеді.
Жақында қазақ фотографы Нұркен Тәжібай Қызылкүпті құс ұшар биіктен түсіріп алған. Бұл суреттерде оның италиялық тәттіге ұқсастығы ерекше байқалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызылкүп жолы теңіз деңгейінен 268 метр биіктікте, Жаңаөзен қаласынан киелі Бекет-Ата мекеніне апаратын жолдан 10 шақырым жерде орналасқан. Гид Владимир Симутин Бекет-Ата мен Шопан-Атаға бару да Қызылкүпке стандартты турдың бағдарламасына енгізілгенін айтады.
"Сонымен қатар туристерге 2014 жылы шығарылған мыңыншы банкнот - ұлттық банкнотта бейнеленген Боқты тауына бару ұсынылады. Боқты - биіктігі 160 метрге жуық шеткі тау, шын мәнінде, бұл сол Бозжыра мен Қызылкүп сияқты табиғатқа ие. Ол симметриялы және әр қырынан трапецияға, содан кейін үшбұрышқа ұқсайды. Одан әрі бағдарлама бойынша - Бозжыра шатқалы. Қызылкүп пен Бозжыра шатқалы - бұлар Үстірт шыңдары (биіктігі 350 метрге жететін қыр немесе жартас, жер бетінің көтерілген жазық аймақтарын шектеу - автордың ескертуі). Осы жерлерге бір уақытта бару қажет", - дейді Владимир.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Орташа алғанда, бір күндік жеке жол жүру құны бір көлікке шамамен - 80 мың теңге. Ұзақтығы - 11-12 сағат. Мұндай джип-турдың бағасына тамақтану - түскі ас пен жеңіл тағамдар, гид пен жанармай құны кіреді.
Гауһар Жаштаева 2020 жылы Қызылкүп шатқалына барған. Ол кезде тур құны 75 мың теңге болғанын айтады. Бұл авторлық тур болды, оған Алматыдан ұшатын жол, тамақтану, жанар-жағармай және гид кірген.
Фото: Гауһар Жаштаева
"Қызылкүпке саяхат бізге қатты ұнады. Сол жерде бізге жергілікті "сфинксті" де көрсетті. Ол таудың басындағы адамның басына ұқсайтын алып тас екен. Оның жанында туристер суретке түседі. Экскурсия болды. Демалыс күні, яғни екі күнде біз 10 орынды көрдік. Бағаға жол жүру, Алматыдан Ақтауға ұшу билеті, таңғы ас пен гид қызметі кірді.
Біз Ақтаудан жеңіл тағамдар мен түскі асты сатып алдық. Саяхат барысында біздің жолсерік Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері болды. Өте сауатты адам. Түрлі аңыздарды, тарихи деректерді баяндап берді", - дейді саяхатшы.
Фото: Гауһар Жаштаева
Қызылкүп шатқалына қалай жетуге болады?
Қызылкүп жолы Ақтау қаласынан 240 шақырым жерде орналасқан. Бағыттың бір бөлігі Жаңаөзен қаласына апаратын тас жолдың бойымен өтеді. Бірақ осы елді мекеннен кейін қара жол басталады. Бұл жерге кроссовер немесе джиппен және қолайлы ауа райында бару ұсынылады.
Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.
Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.