Теміржол және әуе билеттерін Aviata.kz сайтында интернетсіз айырбастауға және қайтаруға болады

Теміржол және әуе билеттерін Aviata.kz сайтында интернетсіз айырбастауға және қайтаруға болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

Бұл әуе және теміржол билеттерін сатып алуға, сондай-ақ өтінімдерді жеке кабинетте қалдыруға мүмкіндік береді. Ал Aviata.kz қызметкерлері клиенттердің өтініштерін тез ресімдей алады.

"Мұндай операциялар Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен ынтымақтастық арқасында мүмкін болды", - делінген таратылған хабарламада.

Бұған дейін төтенше жағдай режиміне байланысты 10 қаңтарда қандай ішкі және халықаралық рейстер қолжетімділігі және тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!