Тасымалдаушы пойыздағы тарақанды түсіріп алған жолаушының видеосына қатысты жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы-Қостанай бағытында қатынайтын пойыздағы антисанитариялық жағдай және тарақандар жүргені туралы жолаушылар шағымынан кейін "ТүрксібАстана" ЖШС жағдайға қатысты пікір беріп, қабылданған шаралар туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы-Қостанай бағытында қатынайтын пойыздағы антисанитариялық жағдай және тарақандар жүргені туралы жолаушылар шағымынан кейін "ТүрксібАстана" ЖШС жағдайға қатысты пікір беріп, қабылданған шаралар туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Тасымалдаушы №43 жолаушылар пойызының вагоны екі апта бойы үш рет өңдеуден өту үшін маршруттан шығарылатынын айтты. Бұл уақытта пойыздың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін уақытша басқа вагондар орнатылады.

Компания қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, мәселені шешу үшін барлық қажетті шара қабылданатынына сендірді.

"№43 жолаушылар пойызының бұл вагоны екі апта бойы агран және амазон препараттарымен (жәндіктердің тәуелділігін болдырмау үшін препараттар өзгеріп отырады) үш рет өңдеуден өту үшін маршруттан шығарылады.

Мұндай жағдайларда компания дезинфекциядан өту үшін вагонды шығарып тастайтынына, ажыратылған вагондардың орнына басқа вагондарды уақытша орнататынына назар аударамыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!" - компанияда Tengri Travel сұрауына жауап берді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная