Танымал B-Boy Қазақстанның көрікті орындарында биледі


Танымал В-Boy Николай Черников Killa Kolya Қазақстанның ең көрікті орындарында биледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бір жыл бұрын Killa Kolya би арқылы Қазақстан табиғатының бірегей сұлулығын көрсететін жобаны ойлап табады. Жобаның түсірілімі бір жылға жуық уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде Killa Kolya Бозжыра шатқалында, Көлсай көлдерінде, Түркістан облысындағы Ақмешіт үңгірінде, Тұзбайыр көлінде, Оқжетпес тауында және Шарын шатқалында, Түйік Су мұздығында және "Алтынемел" құмында болды.

"Қазір әлемде Қазақстанға бірегей туристік бағыт ретінде қызығушылық артып келеді. Мен де өз үлесімді қосып, би арқылы көпшілікке танымал және белгісіз жерлерді көрсеткім келді. Біздің роликтен кейін адамдар осы жерлерге баруға қызығушылық танытады деген үміттемін", - деді Черников.

Бишінің айтуынша, оның өзі де бұрын көрмеген таңғажайып жерлермен танысқан.

"Алғашқы экспедиция Маңғыстау облысына болды. Бозжыра шатқалы таңғалдырды. Сұлулығы - таңғажайып. Біз онда екі күн болдық, шатырда түнедік. Ұмытылмас саяхат болды. Жартаста билеу оңай болған жоқ. Тасты басқандай боласыз, бірақ аяғың басқа жаққа сырғиды. Сондай-ақ Оқжетпес тауында Бурабай курорты ұнады. Алғаш рет шыңға көтерілдім. 

Түркістан облысындағы ерекше және жұмбақ Ақмешіт үңгірі есте қалды. Онда қандай да бір тылсым күш сезілді. Ал Түйік су мұздығына қарда жүретін көліктермен көтерілдік. Бірінші күні ауа райы нашар болды: қар жауып, күн күркіреді. Екінші күні күн ашық, бірақ суық болды. Қозғалу оңай болған жоқ, өйткені тайғанақ. Ал "Алтын Емел" саябағында аяқ құмға батып кетті", - деді жігіт.

Бишінің айтуынша, жарақат алып, қанаған жері де болған. Бірақ бұл саяхат соған тұрарлық. Әр сапардан кейін биші бірнеше күн қалпына келуге тырысқан.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!




Осыған ұқсас мақалалар

Шымкенттегі цитадель, немесе бір саяхатта 2200 жылдық тарихты қалай көруге болады? Шымкенттегі цитадель, немесе бір саяхатта 2200 жылдық тарихты қалай көруге болады?
Каприде жол апатынан автобустың 19 жолаушысы зардап шекті, жүргізуші қаза тапты Каприде жол апатынан автобустың 19 жолаушысы зардап шекті, жүргізуші қаза тапты
"52 градус ыстық". Турист Алакөлден Алматыға қатынайтын пойыздың жағдайына шағымданды "52 градус ыстық". Турист Алакөлден Алматыға қатынайтын пойыздың жағдайына шағымданды