Таңғы рейспен ұшу неліктен тиімді: 3 аргумент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com/BrianAJackson © elements.envato.com/BrianAJackson

Басқаларына қарағанда таңғы әуерейстерінде бірнеше артықшылықтар бар. Тonkosti.ru порталы ұшу уақытын таңғы мезгіде таңдаудың себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Басқаларына қарағанда таңғы әуерейстерінде бірнеше артықшылықтар бар. Тonkosti.ru порталы ұшу уақытын таңғы мезгіде таңдаудың себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Кешігу аз

Мамандардың айтуынша, таңғы рейстер тәуліктің басқа уақытына қарағанда статистика бойынша аз кідіреді. Таңғы 8:00-ге дейін әуе кеңістігі мен әуежайлар көбіне бос болады, ал кешкі 18:00-ден кейін нағыз "час пик" басталады. Әсіресе демалыс және мереке күндері жолаушылар ағынының өсуіне байланысты әуе айлақтарының жүктемесі артып кетеді. Содан кейін төлқұжаттық бақылау мен қауіпсіздікті тексеру кезектері артады, ұшақтар ұшуға рұқсат күтеді, рейстің кешігу ықтималдығы артады. Сонымен қатар, әуежайға ерте сағаттарда барған кезде кептелістен аулақ болу оңайырақ.

Барынша жайлы

Әуе саласының сарапшылары таңғы уақытта ұшатын лайнерлер турбулент аймақта аз болатынын аңғарған, өйткені найзағай, жаңбыр және қатты жел көбіне күндізгі уақытта болады.

Кейде арзан

Әуежайға таңда баратын болсаңыз тәуліктің басқа мерзіміне қарағанда арзанырақ болады. Өйткені қалада кептеліс жоқ, сол себепті таксидің тарифі төмен болатыны анық. Сондай-ақ, кейбір әуекомпаниялар кейде жолаушыларды аз сұранысқа ие ерте рейстерге тартуға тырысып, билет бағасын төмендетеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная