"Тамбурдағы ең қымбат қойдың" салдарынан қызметтік тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Түріксиб Астана" ЖШС компаниясы Алматы - Петропавл бағытындағы № 15/16 жолаушылар пойызының тамбурында жануарды тасымалдау жағдайына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Түріксиб Астана" ЖШС компаниясы Алматы - Петропавл бағытындағы № 15/16 жолаушылар пойызының тамбурында жануарды тасымалдау жағдайына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Алдын ала ақпарат бойынша, жануарды № 7 жолаушылар вагонының жолсеріктері алып шыққан. Жануар анықталғаннан кейін бірден Қарағанды станциясына түсірілді. Осы фактіге қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп, барлық қажетті шара қабылданатын болады.

"Қарағанды станциясында жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жануар түсірілді. 2022 жылғы 11 тамызда сағат 06:16-да пойыз бригадасы Алматы-2 станциясына келеді, содан кейін қызметтік тергеу жүргізіліп, жұмыстан босатылғанға дейін тәртіптік сипаттағы барлық қажетті шаралар қабылданады", - делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная