2023 жылы 14 қаңтар мен 6 наурыз аралығында №105/106 Тальго құрамын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін "Алматы-2 – Петропавл" қатынасындағы пойыздың жол жүру жиілігі өзгереді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәліметінше, Алматы-Петропавл бағытындағы Тальго құрамы рейстер саны қысқарады.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ техникалық себептерге байланысты №105/106 Тальго құрамын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін "Алматы-2 – Петропавл" қатынасындағы пойыздың 2023 жылғы 14 қаңтар мен 6 наурыз аралығында жол жүру жиілігі өзгеретінін хабарлайды: күн сайынның орнына - күнара.
Пойыздың жүруі:
- Алматыдан қаңтар айында - тақ күндері, ақпан/наурыз айларында-жұп күндер бойынша;
- Петропавлдан қаңтар айында - жұп күндері бойынша, ақпан/наурыз айларында тақ күндері бойынша.
Жолаушыларға тоқтатылған рейстерге бұрын ресімдеген жол жүру құжаттарының толық құнын қайтару Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидасына сәйкес жүргізіледі. Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.