Таиландқа жұмыс іздеп барған қазақстандықтар құлдыққа тап болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Таиландта құлдықта болған екі қазақстандық құтқарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Таиландта құлдықта болған екі қазақстандық құтқарылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, қаңтардың соңында Таиландтағы Қазақстан елшілігінің WhatsApp-мессенджеріне хабарлама келген. Онда қазақстандық азаматшаның құлдықта жүргені жазылған.

Ол көмек сұрап, құтқаруын өтінді. Жергілікті билікпен байланысқа шыққан кезімізде құлдықта бір емес екі қазақстандықтың жүргені белгілі болды. Біз оларды құтқару үшін барынша тырысып, бір ай бойы келіссөз жүргіздік. Нәтижесінде олар азат етілді. Қазір Қазақстанға ұшып келе жатыр. Біреуі – Алматыдан, екіншісі – Ақтөбеден, - деді Смадияров брифинг барысында.

СІМ ресми өкілінің мәліметінше, әр қызды босату үшін 10 мың АҚШ долларын сұраған.

Дипломаттарымыздың арқасында біз оларға бір тиын төлеместен азат еттік. Олар 10 мың доллар төлейді немесе жезөкшелікпен айналысады деген шарт қойды. Егер қыз болса, жезөкшелікпен айналысады екен, ал жігіт болса, ағзалары сатылуы мүмкін. Ол жерде барлығы кинодағыдай емес, шын өмірде солай болды, - деді ол.

Смадияровтың айтуынша, қыздар Таиландқа жоғары жалақыға қызыққан соң барған.

Оларды құқықтық сауаты жоқ деп айыптауға болмайды. Себебі екеуінің де білімі жоғары, бірнеше тіл біледі. Алайда жоғары жалақы төленеді деген хабарландыруға алданған. Сосын Таиландқа барып, қиын жағдайға тап болған, - деді спикер.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная