Таиланд билігі 1 наурыздан бастап Test & Go бағдарламасы бойынша халықаралық туристерге кіру ережелерін жеңілдетеді. Осы күннен бастап вакцина алған шетелдіктер келгеннен кейінгі бесінші күні ПТР-тестін тапсыруға міндетті емес, оны антигенге жедел тестпен алмастыра алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.
Премьер-министр Прают Чан-Очаның төрағалығымен өткен COVID-19 жағдайын басқару орталығының (CCSA) отырысында жаңа антиковид шаралары келісілді. Хаттамаға сәйкес, қазір туристерге тест нәтижелерін күту үшін сертификатталған қонақүйде бір түн брондау жеткілікті. Сонымен қатар, міндетті сақтандыру өтемінің мөлшері 50 мыңнан (21,5 миллион теңге) 20 мың долларға дейін (8,6 миллион теңге) төмендейді.
Сапар алдындағы басқа талаптар: вакциналау паспорты және ұшуға дейін 72 сағат бұрын өткізілген ПТР-тестінің теріс нәтижесі өзгеріссіз қалады. CCSA мәліметтерінше, Таиландқа 1-21 ақпан аралығында шетелден 144 610 адам келді. Оның 88 755-і Test & Go схемасы бойынша, 48 156 - сы "құмсалғыш" бағдарламасы бойынша, ал қалғандары карантиннен өту арқылы демалды.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.