Мысырмен әуе қатынасын тоқтатқаннан кейін қазақстандықтар арасында Таиландта демалуға баратындар көбейді. Алайда, қазір коронавирустың жаңа омикрон штамының пайда болуына байланысты патшалық билігі туристер үшін ережелерді күшейтіп, 22 желтоқсаннан бастап Пхукеттен басқа барлық провинция туристер үшін жабық болады. Таиландтағы демалыс жоспарындағы өзгерістер туралы толығырақ Kaz.tengritravel.kz материалында.
2021 жылғы 22 желтоқсаннан бастап (Бангкок уақыты бойынша сағат 00.00) бұдан әрі хабардар етілгенге дейін "Пхукет құмсалғышын" қоспағанда, Тest & Go және "Құмсалғыш" бағдарламалары шеңберінде елге келуге ниет білдірген туристер үшін Thailand Pass тіркеу жүйесінде кіру құжаттарын беру тоқтатыла тұрады.
Таиландтың туристік басқармасының хабарлауынша, Thailand Pass тіркеу жүйесінде QR-код алғандар таңдалған бағдарлама аясында елге кіре алады. Ал тіркелгендер, бірақ QR-код алмағандар хабарлама күтуі керек.
"Егер өтінім мақұлданса, саяхатшылар таңдалған бағдарлама аясында елге кіре алады. Елге кіруге тек Пхукет Құмсалғышында және балама Alternative Quarantine (AQ) Happy Quarantine Nationwide аясында рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, Тest & Go және "Құмсалғыш" бағдарламалары аясында патшалыққа келген барлық турист үшін антиген тесті қосымша шығынсыз ПТР-мен ауыстырылады. Екінші сынақты үкімет тағайындаған мекемелерде тапсыру керек", - делінген Таиландтың туристік кеңсесінің хабарламасында.
Туристік агенттіктердің бірінің директоры Максим Банин Таиландта демалуға жаңа шектеулер кем дегенде 4 қаңтарға дейін енгізілетінін атап өтті. Бірақ жағдайға және жаңа штамның бүкіл әлемге немесе елге таралуына байланысты жаңа ережелердің қолданылу мерзімі артуы мүмкін.
"Пхукет "Пхукет құмсалғыш" бағдарламасы аясында қазақстандықтар үшін ашық күйінде қалып отыр. Пхукет турлары бұрынғыдай сатылымда. Келген кезде саяхатшылар бірінші және жетінші демалыс күндері екі рет ПТР-тестін тапсыруы керек. Пхукетте басқа шектеулер жоқ", - дейді ол.
Турагенттік директоры туркомпаниялардың Паттайяға да жүзеге асырылған турлары бар екенін айтты. Ол Таиландта Паттайя провинциясында демалуды жоспарлаған қазақстандықтарға ұсынылатынын түсіндірді.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.