Тағы бір ел қазақстандықтарға визасыз қолжетімді болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото www.gov.kz Фото www.gov.kz

Қазақстан мен Андорра визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Бұл - елдер арасындағы алғашқы үкіметаралық келісім, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Андорра визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Бұл - елдер арасындағы алғашқы үкіметаралық келісім, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтанда сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елімізге алғашқы ресми сапары аясында келген Андорра сыртқы істер министрі Мария Бахпен кездесті.

"Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Бұл біздің елдеріміз арасындағы алғашқы үкіметаралық келісім болды", - делінген СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тараптар туризм секторы даму үшін неғұрлым ілгері және перспективалы бағыт болатынын атап өтті. Жалпы, Қазақстан мен Андорраның екіжақты ынтымақтастығы тұрақты үдемелі сипатқа ие және сындарлы әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Андорра - Франция мен Испания арасындағы Пиренейде орналасқан кішкентай тәуелсіз князьдік. Ел бажсыз сауда аймағы, сонымен қатар тау шаңғысы курорттарымен туристерді қызықтырады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная