Тағы бір дипломатиялық жеңіс - сарапшы Қытаймен визасыз режим туралы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әділ Кәукенов Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің артықшылықтарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әділ Кәукенов Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің артықшылықтарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим Қазақстанның кезекті дипломатиялық жеңісі. Қазақстанда Қытай азаматтары үшін 14 күн визасыз болу мүмкіндігін баяғыда енгізген болатын. Ал қазақстандықтар Қытай визасын алуы керек еді", - деп түсіндірді сарапшы Facebook желісінде.

Ол Қытай визасын алу, Шенген визасын алумен бірдей екенін түсіндірді.

"Енді қазақстандықтар Қытайға туристік немесе іскерлік мақсатта 30 күн бойы визасыз режимде бара алады. Яғни, Қазақстан үшін визасыз режим ашық және бұл Қытайдың жауабы ретінде өте жағымды қадам", - деді Кәукенов.

Бұл қазақстандық бизнестің икемділігін және оның қазақстандық қана емес, сонымен қатар Орталық Азия мен Еуразиялық нарықты қажетті тауарлармен қанықтыру мүмкіндігін күрт арттыратынын атап өтті. Сондай-ақ Қытай нарығына қазақстандық өнімді жеткізуді ұлғайтып, сенімді инвесторларды іздеуді жеңілдетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная