Су тасқынынан кейін Ақтөбе әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіле ме? Министрлік жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Көлік министрлігі су тасқынынан кейін Ақтөбе әуежайындағы ұшу-қону жолағы жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Көлік министрлігі су тасқынынан кейін Ақтөбе әуежайындағы ұшу-қону жолағы жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, Ақтөбеде ұшу-қону жолағын су басқаннан кейін авиациялық басқарма мамандары жіберілген.

"Бұл сарапшылар ұшу-қону жолағына тексеру жүргізді. Осы оқиғадан кейін айтарлықтай зақымдану немесе ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін стандарттар мен талаптарға сәйкес келмеу деректері анықталмады, сәйкесінше әуежайда ұшуға рұқсат етілді", - деді Ластаев.

"Ақтөбе әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіле ме?" деген нақтылау сұрағына вице-министр: "Жоқ" деп жауап берді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная