Су тасқыны. Ақтөбе әуежайы уақытша жабылды

Ақтөбе әуежайынан әуекемелердің ұшып шығуы мен ұшып келуі уақытша шектелді. Себебі Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе әуежайын су басты. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Ұшу-қону жолағын тазарту жұмыстарын жүргізуге байланысты әуежай таңғы сағат 06:30-дан 17:00-ге дейін жабылады", - делінген әуежайдың Instagram парақшасында таратқан хабарламасында.

Рейстер кестесі туралы ақпаратты білу үшін әуежайдың немесе әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтеріне хабарласу керек.

Әуежайдың жабылуына байланысты келесі рейстер кешіктірілді:

SCAT/Dv496/ Ыстамбұл – Ақтөбе;

SCAT/DV1722/ Ақтөбе – Астана;

FLYARYSTAN/Kc7191/ Алматы – Ақтөбе;

FLYARYSTAN/Kc7192/ Ақтөбе – Алматы;

QAZAQ AIR/Iq399/ Астана – Ақтөбе;

QAZAQ AIR/Iq395/ Ақтөбе – Атырау;

Qazaq AIR/Iq396 Атырау – Ақтөбе;

QAZAQ AIR/Iq400 Ақтөбе – Астана;

AIR ASTANA/Kc863/ Алматы – Ақтөбе;

AIR ASTANA/Kc864/ Ақтөбе – Алматы;

SCAT / DV5263 / Шарм-Эш-Шейх-Ақтөбе;

SCAT/DV5264 / Ақтөбе-Шарм-Эш-Шейх;

SCAT/Dv721/ Астана – Ақтөбе;

SCAT / Dv722 / Ақтөбе – Астана.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!