Сочиден Қазақстанның 5 қаласына әуе рейсі ашылады

Ресейлік әуекомпания Сочиден Қазақстанның бес қаласына рейстер ашады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Тасымалдаушы Сочиден Арменияға, Мысырға, Израильге, Қазақстанға, Түркияға және Өзбекстанға тікелей тұрақты рейстерге әуе билеттерін сатуды ашқанын хабарлады.

"Аэрофлот" ұшу бағдарламасы транзиттік жолаушылар ағынына бағытталған және Сочи арқылы өтетін жолаушылар үшін қызықты болады. Ұшулар "Россия" компаниясы ("Аэрофлот" тобына кіреді) ресейлік Superjet 100 ұшақтарында орындалады.

Сочиге Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақтау және Атыраудан ұшуға болады деп жоспарланған. 7 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан-Сочи рейстері басталады, рейс күнделікті. Дәл осындай жиілікпен ұшақ Алматыдан да ұшатын болады, бірақ 8 сәуірден бастайды.

Ақтау қаласынан ұшақ аптасына үш рет ұшатын болады. Рейстер 8 сәуірде басталады. Аптасына бір рет Ақтөбе-Сочи бағыты бойынша ұшақ болады. Билеттер 7 сәуірден бастап сатылады. Атырау-Сочи рейсі 9 сәуірден бастап аптасына екі рет ұшады.

Сондай-ақ, ресейлік Red Wings әуекомпаниясы Екатеринбургтен Нұр-Сұлтан мен Алматыға рейстердің іске қосылғаны туралы хабарлады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!