СІМ өкілі Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізімі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сыртқы істер министрлігі өкілі Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізімі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыртқы істер министрлігі өкілі Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізімі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соғыс басталғаннан бері (Ресей мен Украина. - еск.) СІМ Қазақстан туралы теріс пікір білдірген және Украинамен арада қандай да бір келеңсіздік тудырғысы келген адамдардың тізілімін жасап жатқан жоқ па?", - деп сұрады журналист СІМ брифингінде.

"Әрине, біз бұл тізімді жүргіземіз, бірақ оны ашық жарияламаймыз. Шекара жабылып, ол кіре алмайды", - деді СІМ өкілі Айбек Смадияров

Журналистер бұған дейін "Ресей Қазақстанға шабуыл жасауға мәжбүр болады" деп мәлімдеген ресейлік эндокринолог туралы да сұрады. БАҚ өкілдері оның персона нон грата тізіміне қосылуы туралы сұрады.

"Миллиондаған аудиториясы бар эндокринолог дәрігерге үлкен сәлем. Ол қажетсіз нәрселерді айтқаннан гөрі адамдарды емдеп, өз кәсібімен айналыссын. Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастамыз, тату көршіміз және достық стратегиялық мемлекеттер ретінде жұмыс істейміз", - деді Смадияров журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная