СІМ Израильдегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Израильдегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне терең алаңдаушылық білдіреді.

Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз.

Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалып жатыр", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Қазақстан елшілігі Израильдегі қазақстандықтарға үндеу жолдады

Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.

Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.

Израиль Ливанға қарсы соққы жасады

Соңғы мәлімет бойынша, Израильдегі шабуылдар салдарынан кемінде 200 адам қаза тауып, мыңнан астамы жараланған. Газа секторында шабуылдардан 232 адам қаза тауып, 1,7 мыңға жуық адам жараланды деп хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!