Шымкенттегі зообақта сұр кенгуру дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
2024 жылы ақпанның аяғында Баку және Мерси жұптарынан кішкентай сұр кенгуру дүниеге келді. Бірақ наурызда ғана анасының қалтасынан басын шығарып, көріне бастады. Себебі ол туыла салып, анасының қалтасына кіріп, сонда жарты жыл бойы өмір сүреді.
"Кенгурудың жағдайы қалыпты, әзірге анасының қорғауында. Кішкентай кенгуру уақытының көп бөлігін аналық кенгурудың қалтасында өткізеді. Алайда, жылу басталған кезде және көрермендер азайған уақытта сыртқа шыға бастайды. Бірақ, аналық кенгурудың қасынан ұзаққа кетпейді", - делінген хабарламада.
Кішкентай кенгуру керіліп, қоршау аумағында айналып жүргенді ұнатады. Егер бейтаныс дыбыс ести қалған жағдайда бірден аналық кенгурудың қалтасына тығылады.
"Қазіргі уақытта кішкентай кенгурудың жағдайы жақсы. Күнделікті биологтар және ветеринарлық мамандардың бақылауында. Алдағы уақытта мамандар кішкентай кенгурудың жынысын анықтады".
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!