Шымкенттегі зообақта бұғы төлдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Бұғы төлдері бірнеше күннің ішінде аяқтарын нық басып, қоршау аумағына бейімделіп кетті. Бұғылар төлдеріне аса жауапкершілікпен қарайды және қасынан ұзаққа тастамайды. 3-5 ай аралығында бұғы төлдері анасының сүтін қорек етеді", - делінген хабарламада.
Зоосаябақ мәліметінше, қазіргі уақытта бұғы төлдері аман-есен. Күнделікті қоршау ішінде жүгіріп, анасының қасынан қалмай жүреді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!