Шымкент зообағында қызыл қасқыр күшіктеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/fjord77 © pixabay.com/fjord77

Шымкент зообағында қызыл қасқырлар жұбынан алғашқы күшік дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент зообағында қызыл қасқырлар жұбынан алғашқы күшік дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ерекше жыртқыш сәуір айының басында дүниеге келген, алайда зообақ әкімшілігі жаңалықпен бөлісуге асықпауды ұйғарған.

"Лақап аттары Майк пен Чакки атты қызыл қасқырлар жұбынан алғашқы күшік дүниеге келді. Алғашқы тумасы болғандықтан, оны анасы бауырына баспады. Сондықтан біз күшікті анасынан бөлек алып, арнайы емізікпен азықтандырдық", - деді зообақ өкілдері.

Қазіргі таңда күшік өз бетінше азықтанып, айналасына мән бере бастады.

"Күшікке "Ракша" деген лақап ат берілді. Біздің кішкентай Ракшамызды көргілеріңіз келсе біз сіздерді күтеміз!", - деді зообақ өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шымкент зоосаябағы (@shymkentzoobagy)

Қазақстанның Қызыл кітабында қызыл қасқыр күзет мәртебесінің бірінші санатында. "Қазақстан аумағында іс жүзінде жоғалып кеткен түр. Кейінгі 40 жылда бұл аңды республика аумағында көргендер жоқ".

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная