Шымкент әуежайында цифрлық жеке куәлік енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әуежайы. Фото: © otyrar.kz Шымкент әуежайы. Фото: © otyrar.kz

Шымкент әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті ұсыну мүмкіндігі пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті ұсыну мүмкіндігі пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile-да авторизацияланған пайдаланушы "цифрлық құжаттар" сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу бюросында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеру кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет.

Бұрын мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе әуежайларында қолжетімді болатын.

Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық режимде жұмыс істейді және цифрлық құжаттар бойынша ұшулар тек Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент арасында ғана қолжетімді. Әзірге пилоттық режим болғандықтан, жолаушыларға ұшу кезінде өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын алып жүру ұсынылады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная