"Шымбұлақ" 13 қаңтардан бастап жұмыс істейді

Өткен митингілер мен Алматыдағы тұрақсыз жағдайға байланысты Шымбұлақ тау курорты 2022 жылдың 5 қаңтарынан 2022 жылдың 12 қаңтарына дейін жабылды. Шипажай 13 қаңтардан бастап қайта ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жаппай тәртіпсіздік болған кезде демалыс орны аумағында демалушылардың көпшілігі - шет мемлекеттердің азаматтары болған. Қауіпсіздік күшейтілді, "Шымбұлаққа" наразылық білдірушілердің шабуылы тіркелген жоқ.
Аспалы жолдың жұмыс уақыты:

"Медеу - Шымбұлақ" 08:30-18:00
"Комби-1" лифті 09:00-17:00
"Комби-2" лифті 09:00-16:30
Барлық курорттық қызметтер штаттық режимде жұмыс істейді. Түнгі шаңғы тебу уақытша тоқтатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!