Марқакөл қорығының инспекторлары орнатқан камераға сирек кездесетін қара дегелек түсірілді. Қорықтың әлеуметтік желілерінде бірегей кадрлар жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Фото мен видеода Терек өзенінің жанында (Марқакөл көлінің кіші саласы) демалып жатқан құсты көруге болады. Қорық қызметкерлері қара дегелектер әдетте көктемде, сәуір айының ортасында мамырдың басында ұшатынын айтады. "Кеш көшетіндері" маусым айының басына дейін байқалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қара дегелек (лат. Ciconia nigra) - дегелек тұқымдасынан шыққан құс. Қазақстанның, сондай-ақ Ресейдің, Беларусьтің, Болгарияның, Өзбекстанның, Украинаның, Тәжікстанның Қызыл кітабына енгізілген. Үлкен ұзын аяқты, ұзын мойынды құс, кең танымал ақ дегелектің көшірмесі.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!