Ішімдік және жалаңаштану: үш жолаушы пойыздан түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Ішімдік ішкен үш ер адам жолаушылар пойызынан түсірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ішімдік ішкен үш ер адам жолаушылар пойызынан түсірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері "Алматы-Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған екі ер адамды анықтады. Тексеру барысында құқық бұзушылардың Қостанай облысының 41 және 58 жастағы тұрғындары екендігі белгілі болды. Олар жол бойында спирттік ішімдіктер ішіп, қастарындағы жолаушыларға балағат сөздер айтқан. Екеуі де Ақмола облысының Атбасар станциясыда акт бойынша пойыздан түсірілді.

Араққа сылқия тойған азаматтар полиция бөлмесіне жеткізу кезінде билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған.

"Оларға қатысты бірден үш, яғни, алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Рудный қалалық сотына жолданды", - делінген хабарламада.

Дәл осындай оқиға Қостанай станциясында тіркелді. Бұл жолы көлік полицейлері "Нұрлы-Жол - Орал" бағытындағы жолаушылар пойызынан Ақтөбе қаласының 60 жастағы тұрғынын түсіруге мәжбүр болды. Егде жастағы жолаушы пойызда алкогольдік ішімдік ішіп, өз орнында киімдерін шешіп, тыр жалаңаш қалпында ұйықтаған. Осылайша, өзінің сыртқы келбетімен адамның қадір-қасиеті мен адамгершілігін қорлайтын іс жасаған.

"Оған алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 5 АЕК айыппұл салынып, ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік материал сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау - 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Ал, ұсақ бұзақылық 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная