Астана Орталық Азияның негізгі көлік тораптарының бірі саналады. Tengritravel.kz елордалық әуе айлағының қанша рейске қызмет көрсететінін анықтады.
Әуежай ішкі бағыттарға да, халықаралық бағыттарға да қызмет көрсетеді.
Көлік министрлігі мәліметінше, Астана әуежайы қазіргі уақытта аптасына 33 бағытқа 237 халықаралық тұрақты рейске қызмет көрсетеді:
- Әзербайжан-Баку;
- Беларусь-Минск;
- Вьетнам-Камрань;
- Германия-Франкфурт;
- Грузия-Тбилиси, Батуми;
- Египет-Шарм-эль-Шейх;
- Қатар-Доха;
- Қытай-Пекин, Санья, Сиань, Үрімші;
- Қырғызстан-Бішкек;
- БАӘ-Абу-Даби, Дубай;
- Польша-Варшава;
- Ресей-Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Қазан, Минеральные Воды, Красноярск, Новосибирск, Омбы;
- Тәжікстан-Душанбе;
- Түркия-Анкара, Анталья, Бодрум, Стамбул;
- Өзбекстан-Ташкент;
- Черногория-Подгорица;
- Чехия-Прага;
- Оңтүстік Корея-Сеул.
Сондай-ақ, Көлік министрлігі 24 қазанда SCAT әуекомпаниясының Астана-Сиануквиль (Камбоджа) бағыттары бойынша Камбоджаға тікелей рейсінің ашылғанын еске салды. Сонымен қатар, 30 қазанда "Vietjet Air" вьетнамдық әуекомпаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен Фукуок – Астана бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!