Шетелдіктер туристік жарна төлемейді - ҚР ТСМ

Туризм және спорт министрлігі 9 қаңтардан бастап шетелдіктер туристік жарна төлемейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік мөлшерлеме қолданылатын болады", - делінген министрлік хабарламасында.

Өзгерістер осы жылдың 9 қаңтарында қолданысқа енгізіледі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!