АҚШ-та ұрылар туристің 45 мың долллар тұратын сағатын қолды қылған: видео

АҚШ-тың Форт-Лодердейл қаласындағы Лас-Олас бульварында канадалық жұпты қаскөйлер қатыгездікпен тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі NBC6 арнасына сілтеме жасап.

Куәгерлер түсірген видеода екі күдіктінің ер адамды жерге құлатып, тапаншамен ұрып, қолынан күштеп алтын Rolex сағатын жұлып алғанын көруге болады. 1950-жылдары шығарылған бұл сағат шамамен 45 мың доллар (20,4 миллион теңге) тұрады екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NBC 6 South Florida (@nbc6)

Ұрылар көлікке отырып оқиға орнынан қашып кеткен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!