2022 жылдың 10 және 14 маусымында Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы Zhetysu Travel шетелдік 15 туристік компания өкілдері үшін 5 күндік ақпараттық тур ұйымдастырды.
Ресей, Катар, Сауд Арабиясы, Үндістан және БАӘ туристік компанияларының өкілдері жергілікті табиғатпен, көрікті жерлермен және тарихи мәдени ескерткіштермен танысып, Алматы облысының басты әсем жерлеріне саяхат жасады. Сонымен қатар, шетелден келген қонақтар аймақтың туристік қызмет көрсету деңгейіне баға берді. Көбінің айтуынша, Алматы облысының туристік бизнестегі әлеуеті зор.
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы
Турлардың басты мақсаты - облыстың туристік әлеуетін халықаралық нарықта ілгерілету, елдер арасындағы туристік алмасуды ұлғайту, шетелдік әріптестермен байланысты кеңейту әрі нығайту.
5 күндік бағдарлама аясында қатысушылар Oi-Qaragai курортына, "Алтын Емел" ұлттық паркіне, Көлсай және Қайыңды көлдеріне, Шарын шатқалына және басқа да туристік орындарға барды.
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы
Туристік ақпарат орталық өкілдері карантин шектеулері алып тасталғаннан кейін халықаралық маркетингті қайта бастау шетелдік туристерді тартудың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Бұл тұста Қазақстан мен Алматы облысы шетелдік туристік агенттіктердің назарын аударады.
Шетелдік туристік компаниялар қатарында:
- Rezbook Global негізін қалаушы - Nishant Gupta.
Rezbook Global Бутан, Ресей және ТМД елдері сияқты Азияның жасырын маржандары үшін бағыттарды басқару жөніндегі ресми компания. Олар, сонымен қатар, Bhutan Airlines және Buddha Airlines әуекомпанияларының ресми айрықша құқықты сату агенті (PSA).
- Volshebny Holidays негізін қалаушы - Bhavsar Yatin
Volshebny Holidays - Ресей мен ТМД елдері үшін 4 жыл бағыттарды басқару бойынша жұмыс істеп келе жатқан ресми компания. Олардың бас кеңсесі Мумбайда, операциялық кеңсесі Мәскеуде орналасқан. MICE, FIT және Leisure топтарына мамандандырылған, қатаң түрде B2B бизнес-модулімен жұмыс істейді.
- Туристік өнім дизайнері - Ahmed Mohamed Fahmy және Sira Group өнімді әзірлеу бөлімінің маманы - Roma Alhadhoud
Seera Group құрамына кіретін Almosafer компаниясы Сауд Арабиясынан және басқа да елдерден келетін талғампаз саяхатшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын Таяу Шығыстағы жетекші туристік бренд.
- Alfaris International Travel & Tourism туризм бөлімінің қызметкері - Mohammed N. Alomairi
Alfaris International Travel & Tourism - Сауд Арабиясындағы сапарларды басқаратын IATA аккредиттеген жетекші туристік компаниялардың бірі.
- Universal Travels & Tourism LLC туризм бөлімінің жетекші маманы - Kutbuddin Zahid
Musafir.com - БАӘ-дегі 3000-нан астам бағытқа рейстер, әлем бойынша 1 миллионнан астам қонақүйде тұру, демалу және тағы басқа қызметтерді ұсынатын алғашқы туристік веб-сайт.
- Tripstide Pvt Ltd директоры - Prayesh Bandhuvar
Tripstide - Нойдадағы туристік қызметтерді ұсынатын ұлттық және халықаралық турларды ұйымдастырудың үздік әлі жетекші агенттігі.
- Mosafer Travel & Torusim бас менеджері - Nattukallingal Firos
GoMosafer - Mosafer Travel-дің онлайн-бөлімшесі, Катардағы туристік агенттік, 2010 жылдың үшінші тоқсанында жұмысын бастаған. GoMosafer заманауи туристік индустрияда қажет тиімді және үнемді саяхат шешімдерін ұсынады.
- Maps & Vouges Tours операциялық бөлімінің басшысы - Kamarudeen Harshad
Maps & Vogs өзін бизнес, демалыс, MICE, іс-шаралар немесе саяхаттың білім беру сегменті болсын, сапа мен сенімділікті бейнелейтін туристік бренд ретінде қалыптастырған.
- Global Travel Solutions операциялық менеджері - Azab Diaaeldin Hussein
GTS - 1987 жылы Saeed Raddad Group қамқорлығымен құрылған, кәсіби, жылы шырайлы және тиімді ұйымдастыруды қажет ететін іскер клиенттер мен туристерге қызмет көрсету үшін құрылған компания.
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы
Сондай-ақ, турға PAC GROUP халықаралық холдингінің өкілдері, "Европорт" компаниясы және ерекше саяхаттар жасайтын "Веселый ветер" туроператоры қатысты.
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы
Тур соңында жергілікті туроператорлардың қатысуымен конференция ұйымдастырылды. Компаниялар өз қызметі мен олар ұсынатын туристік өнімдерді таныстырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша шетелдік туристерді қабылдау бойынша ынтымақтастық туралы 5 келісімге қол қойылды.