Шетелден ұшып келген екі қазақстандықтан COVID-19 анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанға шетелден ұшып келген екі қазақстандықтан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанға шетелден ұшып келген екі қазақстандықтан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

23 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Индия, Корея Республикасы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді.

4 398 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 366 адам, анықтамасыз 32 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына - 17 рейс, 2 734 жолаушы, анықтамамен - 2 707, анықтамасыз - 27;
  • Шымкент қаласының әуежайына - 7 рейс, 609 жолаушы анықтамамен келген;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 3 рейс, 474 жолаушы, анықтамамен - 469; анықтамасыз - 5;
  • Ақтау қаласының әуежайына - 2 рейс, 339 жолаушы анықтамамен келген;
  • Қостанай қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 242 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген қазақстандықтар COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді, қазір олар карантин стационарларында нәтижелерін күтіп жатыр.

Сонымен қатар, 22 наурызда анықтамасыз келген 20 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Мале - Алматы рейсімен, екінші жолаушы Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная