Шетелдегі концерттер мен фестивальдерге турды қалай алуға болады?

Саяхатты ұнатушыларға тамаша жаңалық - Aviata.kz сервисінде оқиғалы турлар пайда болды. Шет елде сүйікті тобыңыздың концертіне, маңызды спорттық жарысқа немесе фестивальге бару оңайырақ бола түсті.

"Авиатаның" қосымшасында немесе сайтында "Турлар" бөлімінен сіз "Қызықты оқиға" санатын таба аласыз. Онда нақты бір шара не оқиға қамтылған турлар топтамасы бар.

Оқиғалы турда өздігіңізден жоспарлау қажеттілігі жоғалады - саяхат толықтай жоспарланған.

Әдетте мұндай турлардың ақысына мыналар кіреді:

  • Әуебилеттер;
  • Шараға билет;
  • Қонақүйде тұру;
  • Трансферлер;
  • Тамақтану;
  • Сақтандыру;
  • Туркод.

Турда басқа да пунктер қамтылуы мүмкін, барлығы оның спецификасына байланысты.

Мысалы, қазір Авиатада Ed Sheeran немесе SEAN PAUL & T.I сынды жұлдыздардың Дубайда өтетін концертіне турлар алуға болады. Тур ақысына ұшу, орналасу және қонақүйде таңғы ас, топтық трансфер, сақтандыру және концертке билет кіреді.

Сондай-ақ, наурызда Жапонияға барып, сакураның гүлдеуін өз көзіңізбен көруге болады. Тур ақысына тамақтану және тұру, трансферлер, сақтандыру және орыстілді гидпен экскурсиялар кіреді.

Сілтеме арқылы өтіп, Авиата қосымшасын жүктеңіз. Оқиғалы турларды іздеп, ұмытылмас естеліктер үшін ұшыңыз!