Шатқалға ойып жазу жазған шенеунік демалыстан шақыртылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Ақтөбе әкімдігі Маңғыстау облысындағы Ыбықты-Сай шатқалына ойып жазу жазған видеодағы адам Мәдениет үйінің директоры екенін ресми түрде растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе әкімдігі Маңғыстау облысындағы Ыбықты-Сай шатқалына ойып жазу жазған видеодағы адам Мәдениет үйінің директоры екенін ресми түрде растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шынымен де ол адам Қазақ зағиптар қоғамының қалалық мәдениет үйінің директоры. Ол былтырғы қазаннан бері жұмыс істейді. Бұған дейін тәртіптік жазаға тартылмаған. Биылғы 1 тамыздан бастап жыл сайынғы еңбек демалысында. Қажеттілікке байланысты оны жұмысқа шақыртамыз", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегілер.

Ақтөбе әкімдігі қарамағындағы қызметкердің әрекетіне қатысты пікірді, ол түсініктеме жазған соң хабарлауға уәде берді. Ертең әкімдіктегілер оның демалысын үзеді.

Еске салайық, осыған дейін Ыбықты-Сай шатқалында кезекті вандализм әрекеті видеоға түсірілген болатын. Бейнежазба авторы ер адамның балға мен бұрағышты пайдаланып, әсем шатқалға әріптерді ойып жазып жатқанына куә болғанын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная