Желіде Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының видеосы пайда болды. Бұл жолы таутеке мен түлкі камераға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сүтқоректілердің биоалуантүрлілігін зерттеу мақсатында фототұзақ құрылғылары орнатылған. Бұл құрылғылар жануарларды бақылау және есепке алу үшін өте тиімді құрал болып табылады.
"Бұл кадрлар 2024 жылы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар арқылы түсірілген. Төменде Қазақстанның таулы аймағындағы жануарлар – таутеке мен түлкінің суреттері келтірілген", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!