"Шарын" ұлттық паркінде сабаншы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қызыл кітапқа енген сабаншы фототұзаққа түсіп қалды.
"Сабаншы – аса сақ әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі аң. Мысықтар тұқымдасына жататын жануар денесінің бір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өсуі мүмкін. Сондықтан олар -50°C суыққа шыдайды", - делінген хабарламада.
Елімізде 1976 жылдан бастап сабаншыны аулауға тиым салынған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!