"Семейге әкім ұшып келді ме?": әуежайдағы ерекше кездесу Қазнетті тамсандырды

Әуежайдағы әдеттен тыс кездесу видеосы әлеуметтік желіде талқыланып жатыр: Семей тұрғынын ән мен би билеп қарсы алды - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Кездесу видеосын Алматыдан үйіне қайтқан 32 жастағы Ақмарал есімді блогер жариялаған болып шықты. Ағасы ұйымдастырған шараны көру үшін туған жеріне ұшып барған. Қыз құрбысы Молямен 18 жыл, ал Микамен екі жылдай дос болғанын, кездескен сайын бір-біріне осындай тосын сыйлар ұйымдастыратынын айтты.

"Мен Шығыс Қазақстаннан, Семейденмін, бірақ қазір отбасыммен Алматыда тұрамын. Ата-анам, достарым, туыстарым тұратындықтан туған жерге жиі келіп тұрамын. Видеоны 26 қаңтарда түсіргенбіз. Сіңілім Аяна екеуміз ағамның кешіне ұшып келгенбіз. Сапар алдында тойдағыдай көңіл-күйде болдық, рейс бойы қазақ әндерін тыңдадық.

Семейге келгенімізде достарымыз "Балқия" әнімен, шашу шашып, гүл шоқтарымен қарсы алды. Күту залына бара жатқанда біреудің домбыра тартып, ән айтып жатқанын естідім. Мені қарсы алып жатқанын білмей, билеп шықтым. Кейін видеода қара пальто киіп жүрген Моля құрбым Аянадан бәрін түсіріп алуды өтінгені білдім. Қыздардан кімді күтіп алуға келгендерін сұрағанда, әкімді деп әзілдеген", - деп бөлісті Ақмарал.

"Адамдар кім кележатыр десе, Алматыдан әкім деген ғой" деген сипаттама жазылған видео 1,6 миллионнан аса қаралым мен жүздеген пікір жинап, достық пен жақын адамдарыңыз бен достарыңызды бағалаудың қаншалықты маңызды екені туралы жазылған.

"Мұндай достарың бары қандай керемет", "Құрбыларыңызды бағалаңыз", "Қандай керемет", "Менде осындай құрбыларым болғанын қалаймын", "Семейліктер дос болуды біледі", "Көңілді адамдар", - деп жазды пікір білдірушілер.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!