Семейде балалар теміржолы қалпына келтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/semey_akimdigi Фото: instagram.com/semey_akimdigi

Желіде Семейдегі балалар теміржолы қалпына келтірілді деген ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Семейдегі балалар теміржолы қалпына келтірілді деген ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Семейдегі Бейбітшілік аралында балалар теміржолы қалпына келтіріліп, ресми түрде ашылды. Оның ұзындығы - небәрі екі шақырым, оның бойымен 70 жолаушы сыятын үш вагоны бар тепловоз жүреді.

Семейде алғашқы балалар теміржолы 1979 жылы ашылғанымен, оның жұмысы 1995 жылы тоқтатылды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, облыс орталығының құрылуымен тарихи орынды қалпына келтіру туралы шешім қабылданып, құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталып, қазір аяқталды.

Облыс әкімдігі бізге әлі арнайы жұмыс кестесі әзірленіп жатқанын хабарлады.

"Жолаушылар ғана емес, ересектер де қатынай алады. Ол барлық маусымда жұмыс істейді. Вагондарға жылу беріледі", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ билеттер құны әзірге белгісіз екені нақтыланды. Облыс әкімдігі қосымша ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная