Саяхатшылар үшін ең қонақжай елдер аталды

2022 жылы планетаның ең қонақжай жерлерінің тізімін алғаш рет Италияның Матера қаласы бастады. Booking.com баспасөз релизінде саяхатшылар үшін ең жақсы бағыттардың рейтингі белгілі болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Италиядағы ежелгі Матера үңгір қаласы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген жартасты елді мекендермен әйгілі. Одан кейінгі екінші орында словениялық Блед, үшінші орында тайваньдық Тайдун белгіленді. Рейтингте грек Нафплионы, Испаниядағы Толедо, Бразилиядағы Монти Верди, бельгиялық Брюгге, Индонезиядағы Нуса Лембонган, Азордағы Понта Делгада және Вьетнамдағы Хойан қаласы болды.

Сонымен қатар, Booking.com ол алты құрлықта орналасқан планетаның ең қонақжай аймақтарын бөлек атады. Екінші жыл қатарынан Тайдун (Тайвань), Тасмания (Австралия) және Жаңа Шотландия (Канада) үздік атанды. Словенияның таулы аймағы жеңімпаз болды. Тізімге австриялық Бургенланд, Сейшел аралдары, Жаңа Зеландиядағы Кентербери, Аргентинадағы Санта-Крус, Коста-Рикадағы Лимон және испаниялық Ла Риоха кірді.

Осы аймақтарға бару үшін Aviata.kz сервисі арқылы үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік бар.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.