Резонанс тудырған видеодан кейін ерекше тастар "Шарлар алқабына" қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Қазнет бірнеше күн бойы Маңғыстау облысындағы Торыш алқабында болған жағдайды талқылап жатыр. Белгісіз біреулер сол аймақтан ерекше тастарды - шар тәріздес минералды түзілімдер, конкрецияларды емін-еркін көлікпен тасып жатқан.


Иконка комментария блок соц сети

Қазнет бірнеше күн бойы Маңғыстау облысындағы Торыш алқабында болған жағдайды талқылап жатыр. Белгісіз біреулер сол аймақтан ерекше тастарды - шар тәріздес минералды түзілімдер, конкрецияларды емін-еркін көлікпен тасып жатқан.

Бүгін, 17 мамырда, жасы 100 миллион жылдан асатын ерекше "шарларды орнына қайтарды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Таяуда Желіде видео жарияланды, онда белгісіз біреулердің Маңғыстау облысы Торыш алқабынан ерекше тастарды ұрлап жатқаны түсірілген. Мұны көрген жұртшылық наразылық білдірді және полицейлер де осы оқиғаға қатысты дереу әрекет еткен.

"Тастар орнына қайтарылды. Жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді, ендігіде ол мұндай әрекетке бармайды", - деді Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Сурет Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі

Айта кетейік, бүгінде мұндай әрекет үшін кінәлі адамға ешқандай жаза қарастырылмаған. Оның себебін Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері біздің редакцияға түсіндірді.

"Шарлар алқабы" деп аталатын Торыш алқабы жұмбаққа толы. Бұл дөңгелек формадағы тастардың қайдан пайда болғаны туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен жұмбақ тастардың пайда болуы туралы бірнеше нұсқа бар. Олардың ғылыми атауы - конкрециялар. Бұл тастардың ішінде химиялық кестедегі барлық элемент болуы мүмкін. Зерттеушілердің сөзінше, бұл тастардың жатқанына бірнеше миллиондаған жыл болған.

Торыш (Торыс) алқабы Батыс Қаратау тауларының солтүстік шетінде Маңғыстау облысының Алтынқазған жерінде, Ақтаудан жүз шақырым жерде орналасқан. Бұл жер туралы толығырақ сілтемеден оқи аласыз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная