Ұшақта инсульт алған жапондық ер адамның жағдайы туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі сайтына сілтеме жасап.
"Инсульттан кейін Астананың №2 қалалық көпбейінді ауруханасында ем қабылдаған Жапониядан келген науқас бүгін шығарылды. Оның жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, тамызда Токио-Цюрих бағытындағы ұшақ жолаушы инсульт алғаннан кейін Астанаға шұғыл қонды. Науқас ауыр жағдайда реанимацияға жатқызылған болатын.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!