Ресейлік әуекомпания Қазақстанға рейстер санын арттырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

"Уральские авиалинии" әуекомпаниясы Қазақстанға рейстер саны артатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Алматы халықаралық әуежайына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"Уральские авиалинии" әуекомпаниясы Қазақстанға рейстер саны артатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Алматы халықаралық әуежайына сілтеме жасап. 

Бүгінде "Уральские авиалинии" - Қазақстанға қатынайтын жалғыз ресейлік әуекомпания. Тасымалдаушы қысқы навигация аяқталғанға дейін рейстер санын арттыратынын мәлімдеді. 

Екатеринбург - Алматы - Екатеринбург бағытындағы рейстер 20-21 наурызда орындалады. Екатеринбург - Нур-Султан - Екатеринбург бағытындағы рейстер наурыздың 16-ы, 18-і, 23-і және 25-і орындалады. 

"Кесте мен тарифтер жайлы мәліметтер барлық брондау жүйелерінде қолжетімді", - деді компания өкілдері.

Сонымен қатар, Алматыдан Санкт-Петербург және Екатеринбург қалаларына сондай-ақ Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге және Екатеринбург қаласына кесте бойынша ұшатын болады. 

Бірінші болып Қазақстанға S7 Airlines әуекомпаниясы рейстерді тоқтатты. Сосын 8 наурыздан бастап, Ресейден Қазақстанға қатынайтын "Аэрофлот" ұшақтары да ұшпайтынын хабарлады. Кейінірек, "Северный ветер" әуекомпаниясы халықаралық рейстерді тоқтататынын мәлімдеді. 

"Эйр Астана" компаниялар тобы басында тек Мәскеуге ғана қатынайтын рейстерді қалдырып, қалғанын тоқтатқан еді, алайда біршама уақыттан соң ол рейстен де бас тартты. SCAT пен Qazaq Air Ресейден Қазақстанға ұшуды жалғастырады, сондай-ақ, SCAT әуекомпаниясы рейстер санын арттыруды көздеп отыр. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная