Ресейге келетін шет мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның азаматтары үшін коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесін беру талабы жойылады. Бұл туралы Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің сайтында жазылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пунктінде коронавирусты іріктеп тестілеу тәжірибесі ұйымдастырылған. Ресейге келгендер тек осы жерден жүктеуге болатын тиісті сауалнаманы толтыруы керек.
Бұған дейін 2022 жылғы 1 сәуірде Ресейге құрлықтағы өткізу пункті арқылы кірген кезде Қазақстан азаматтары үшін теріс ПТР-тест талабы жойылған болатын.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!