Ресей мен Қазақстан шекарасындағы ұзын-сонар кезек видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: t.me/uralskweek_kz фото: t.me/uralskweek_kz

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Ресейден Қазақстанға кіру бекеттеріндегі кептелістің видеоларын жариялады, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Ресейден Қазақстанға кіру бекеттеріндегі кептелістің видеоларын жариялады, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Уральская неделя" басылымының мәліметінше, бұл видео 22 қыркүйекке қараған түнде Батыс Қазақстан облысындағы Маштаково - Сырым шекара өткелінде түсірілген.

Ресейдің Озинки кентінің маңында Батыс Қазақстан облысына кірудің басқа пунктінде де шақырым жердей кептелістер пайда болды. Видео авторы қозғалыссыз шамамен 10 сағат кезекте тұрғанын айтады.

Көлік кезегі түсірілген видеоны қостанайлық "Наша газета" да жариялады. Роликтің авторы мұндай кезектер Троицк қаласында пайда болғанын хабарлайды. Сонымен бірге, комментаторлар бұл шекара бекетінде кептелістер жиі болатынын және ертерек пайда болғанын атап өтті.

Суреттерге қарағанда адамдар шекарадан жаяу да өткен.

Фото: t.me/uralskweek_kz

Сонымен қатар, Telegram-да бірнеше топ пайда болды, онда пайдаланушылар жеке тәжірибелерін бөлісіп, бір-біріне бизнесті Қазақстанға көшіруде көмектеседі.

Tengrinews.kz тілшісі түсініктеме алу үшін ҰҚК Шекара қызметіне жүгінді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная