Рекорд. Қаңтар айында 1,2 миллион қазақстандық ұшақ қызметін пайдаланған

Қазақстандықтар ұшақ қызметін жиі пайдалана бастады. Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы растады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстанда 2024 жылдың қаңтарында ұшақ жолаушыларының рекордтық өсімі тіркелді.

Бюро мәліметінше, өткен айда 1,2 миллион жолаушы авиация қызметін пайдаланған. Бұл 2023 жылдың қаңтарындағы көрсеткіштен 27,3%-ға көп.

Аталған деректердің 2000 жылдан бастап жиналғанын ескерсек, бұл - қаңтардағы ең жоғары көрсеткіш екенін айта кету керек.

Сонымен қоса жолаушылар тасымалының өсімі әуетасымалдаушы компаниялар табысының артуына ықпал етті. Мәселен 2024 жылғы қаңтарда компаниялар 64,7 миллиард теңге табыс тапқан. Бұл былтырғы жылғы қаңтарға қарағанда 11,9%-ға артық. Бұл ретте ұшақ қызметі бір жылда 9,2%-ға қымбаттаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!