"Рахман қайнары" шипажайы жабылатынын жариялады

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан "Рахман қайнары" шипажайы, қала сыртындағы "Нұртау" қонақүйі және "Порт Фортуна" демалыс базасының өкілдері мекемелердің жабылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Шипажайдың әлеуметтік желілерінде "БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО" компаниялар тобының атынан хабарлама пайда болды.

"Осы жылдар ішінде біз қонақтарымызға барынша жайлы және қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Жаңа жобаларды жүзеге асырдық, әсер алдық, болашаққа жоспар құрдық. Бізде идеялар мен жоспарлар болды. Бірақ бүгін команда біздің барлық досымызға, серіктесімізге, қонақтарымызға алғыс айтып, қоштасады. Тамаша уақыт өткізгеніміз үшін рақмет", - делінген хабарламада.

Kaz.tengritravel.kz Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне ақпараттық сауал жолдады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!