Qazaq Air Новосібірге рейстерді тоқтатты

Qazaq Air әуекомпаниясы Новосібір қаласына рейстерді уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26-29 наурыз аралығында Астана - Новосібір, Өскемен - Новосібір бағыттарындағы рейстердің орындалмайды.

"Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының халықаралық тұрақты ұшударды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстердің уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады.

Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com поштасына жолдау қажет. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сол агенттікке хабарласуыңыз керек.

"Әуекомпания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Біз барлық жолаушыларды кестенің алдағы өзгерістері туралы хабардар етеміз", - деді тасымалдаушы компания өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!