ПТР-анықтамасыз ұшып келген 6 қазақстандықтан коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz. Көрнекі сурет: Tengrinews.kz.

2021 жылғы 3 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2021 жылғы 3 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 6 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Мальдив Республикасы, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді. 815 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 653 адам, анықтамасыз 162 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 569 жолаушы; анықтамамен – 434, анықтамасыз - 135;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 100 жолаушы; анықтамамен - 79, анықтамасыз - 21;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы; анықтамамен - 140, анықтамасыз - 6.

"Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында нәтижесін күтіп отыр.

2021 жылдың 3 қаңтарда анықтамасыз келген 532 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 3 жолаушы Дубай – Алматы рейсімен, 2 жолаушы Мале – Алматы рейсімен, 1 жолаушы Стамбул – Алматы рейсімен келген", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная