Пойызға кешіксең, билет құнын қайтаруға бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Пойызға кешігіп қалсаңыз, не істеу керек? Билет құнын қайтаруға мүмкіндік бар ма? "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі осы сауалдарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Пойызға кешігіп қалсаңыз, не істеу керек? Билет құнын қайтаруға мүмкіндік бар ма? "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі осы сауалдарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" өз қызметін жүзеге асыру барысында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелерін басшылыққа алатыны белгілі.

Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерін) өткізген кезде жолаушыға билеттің төмендегідей құны қайтарылады:

  • пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей өткізілсе, жол жүру билетінің толық құны қайтарылады;
  • 24 сағаттан аз уақыт ішінде, бірақ пойыз жөнелтілгенге дейін 6 сағаттан кешіктірмей өткізілсе, билет құнының 50 пайызы қайтарылады.

Егер жолаушы пойызға кешігіп қалса, бірақ кешіккеніне бір сағат өтпесе қалай әрекет ету керек?

"Жөнелтуге 6 сағаттан аз уақыт бұрын және пойыз жөнелтілгеннен кейін бір сағаттың ішінде өткізілсе, жол жүру құнының 30 пайызынан аспайтын бөлігі қайтарылады", - делінген компания хабарламасында.

Ал егер жолаушы пойызға бір сағаттан артық кешігіп келсе? Өкінішке қарай, бұл жағдайда билет құны қайтарылмайды.

"Пойыз жөнелтілгеннен кейін бір сағат өткен соң жол жүру құжаттары жарамсыз болып қалады. Сәйкесінше, билет құны да қайтарылмайды", - деп ескертті ҚТЖ.

Сондай-ақ кей кезде жолаушы пойыздың жүретін даталарын шатастырып алады. Мәселен, егер жөнелту уақыты 28 қаңтар сағат 00:10 деп белгіленсе, жолаушы вокзалға 29 қаңтарда келіп тұрады. Мұндай жағдайларда не істеу керек? Ақша қайтарыла ма?

"Жолаушы пойыз кетіп қалған кезде, яғни басқа күні пойызға келіп тұрса, өкінішке қарай, өтемақы берілмейді. Себебі пойыз кесте бойынша жөнелтілді. Болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін жолаушыларға кестелер мен күндерді мұқият қадағалап отыруға кеңес береміз", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная