Пойыздар неге кешігеді? Бектенов ҚТЖ басшылығынан жауап беруді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚТЖ Фото: ҚТЖ

Премьер-министр Олжас Бектенов жолаушылар пойыздарының кешігуіне қатысты мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Олжас Бектенов жолаушылар пойыздарының кешігуіне қатысты мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектеновтің басшылығымен теміржол саласы мен транзиттік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды.

Үкімет басшысының айтуынша, азаматтар тарапынан пойыз кешіп келгеніне байланысты өтініштер өскені байқалып отыр.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жағдай ерекше бақылауда екенін, ал кешігудің себебі теміржолдарды жөндеу екенін айтты.

"Бұл жағдай жолдарды жөндеуге және жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты. Кейінгі 2 жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есеге арттырдық. Жолаушылар алдындағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная