Пойыз немесе вокзалда заттарыңызды ұмытып кетсеңіз - не істеу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Пойыздарда жолаушылар жеке заттарын ұмытып немесе жоғалтып алып жатады. "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі мұндай жағдайда қалай әрекет ету және қайда жүгіну керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Пойыздарда жолаушылар жеке заттарын ұмытып немесе жоғалтып алып жатады. "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі мұндай жағдайда қалай әрекет ету және қайда жүгіну керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бірнеше жағдайды қарастырайық.

Егер затты ұмытып кеткеніңізді байқасаңыз және пойыз әлі кетпеген және станцияда болса, оны пойыз бригадасынан алуға болады.

  • Пойыз әлдеқашан кетіп қалған болса, жолаушы жедел жауап алу үшін @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-парақшасына хабарласа алады немесе WhatsApp-қа +7 776 714 5686 нөміріне жаза алады.
  • Сондай-ақ, жолаушы станция бойынша кезекшіге хабарласып, вагон нөмірін, орналасқан жерін және ұмытылған заттардың сипаттамасын көрсете отырып, станция бастығының атына өтініш бере алады. Өтінішке заттарды жіберу туралы сұрауды қосу керек.
  • Жолсерік ұмытылған заттарды тапса, олар пойыз бастығына тапсырылады және құрам пунктіне жіберіледі. Заттар станцияда сақталады және жеке куәлігін тексергеннен кейін иесіне беріледі.

Дегенмен, заттарды қабылдау кезінде жолаушы барлық шығындарды (сақтау, орау, тасымалдау) төлейтінін есте ұстаған жөн.

"Компания жолаушыларға жеке заттарын мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда көмек сұрауға кеңес береді".

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная